Түркістан облысында «Қаржылық қауіпсіздік алауы» атты аймақтық эстафета мәресіне жетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен өткен шараның мақсаты халықтың қаржылық сауатын арттыру, алаяқтық әрекеттер мен жеке деректер ұрлығына қарсы иммунитет қалыптастыру.
Эстафетаға өңір жастары, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйым өкілдері белсенді қатысты. Аудандарда қаржылық қауіпсіздікке арналған түрлі акциялар, түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жиында қаржылық сауаттылықтың маңызы, цифрлық дәуірде жеке ақпаратты қорғау мен онлайн алаяқтықтың алдын алу шаралары сөз болды. Агенттік өкілдері эстафетаның жастарды ақпараттандыруда және қаржылық қылмыстардың алдын алуда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.
Шара аясында қаржы саласындағы заманауи трендтер, алаяқтықтың жаңа әдістері және олардан қорғану тәсілдері таныстырылды. Сондай-ақ әлеуметтік бейнероликтер мен оқу материалдары көпшілік назарына ұсынылды.
Қатысушылар қоғамда заң мен тәртіпті сақтау, адалдық пен жауапкершілікті ортақ құндылық ретінде қабылдаудың қажеттілігін атап өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







