Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясында маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2025 жылғы 28 қараша күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының жұмысына облыс әкімінің міндетін атқарушы З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде 8 маңызды мәселе қаралды.

Сонымен қатар, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Өз кезегінде З.Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
Түркістан облыстық мәслихаты
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







