Қазақстанда келесі жылдың мерекелік күнтізбесі бекітілді. Еңбек министрлігі 2026 жылғы демалыс және жұмыс күндерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia.
Келер жылы мереке күндері бұрынғысынша өзгеріссіз қалады. Бұған дейін қоғам белсенділері 1 маусым Балаларды қорғау күнін демалыс етуді ұсынғанымен, ұсыныс қолдау таппаған еді.
Жалпы мемлекеттік мереке күндері мынадай:
Жаңа жыл 1–2 қаңтар;
Халықаралық әйелдір күні 8 наурыз;
Наурыз мейрамы 21–23 наурыз;
Қазақстан халқының бірлігі күні 1 мамыр;
Отан қорғаушы күні 7 мамыр;
Жеңіс күні 9 мамыр;
Астана күні 6 шілде;
Конституция күні 30 тамыз;
Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан.
Ұлттық мереке:
Республика күні 25 қазан.
Екі діни мереке:
Рождество 7 қаңтар;
Құрбан айттың бірінші күні 2026 жылы 27 мамырға сәйкес келеді.
Алайда келер жылы мерекелердің жартысына жуығы демалыс күндерімен қабаттасып тұр. Сондықтан бес күндік жұмыс аптасында мынадай ауыстыру болады:
8 наурыз (жексенбі) – 9 наурызға (дүйсенбіге);
21 наурыз (сенбі) – 24 наурызға (сейсенбіге);
22 наурыз (жексенбі) – 25 наурызға (сәрсенбіге);
9 мамыр (сенбі) – 11 мамырға (дүйсенбіге);
30 тамыз (жексенбі) – 31 тамызға (дүйсенбіге);
25 қазан (жексенбі) – 26 қазанға (дүйсенбіге).
Алты күндік жұмыс аптасында ауыстыру күндері:
8 наурыздан 9 наурызға;
22 наурыздан 24 наурызға;
25 қазаннан 26 қазанға.
Рождество (7 қаңтар) мен Құрбан айттың алғашқы күні (27 мамыр) жұмыс күндеріне сәйкес келіп тұрғандықтан, олар да демалыс болады.
Еске сала кетсек, келесі аптада биылғы жылдың соңғы мерекесі Тәуелсіздік күні тойланады. Ол сейсенбі, 16 желтоқсанға түседі.
Тұшымды контентті Ertenmedia-ның телеграм арнасынан оқыңыз.
Базалық ставканың бұғауы: «Қымбат ақша» қазақты қашанға дейін қинайды

