6-7 желтоқсанда Алматыда өткен Almaty Winter V5 Competition турнирінде «Ғылым ордасы» жанындағы Gylym FabLab робототехника зертханасының оқушылары жоғары нәтижеге қол жеткізіп, Excellence Award және Tournament Champions марапаттарын жеңіп алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл жеңіс Gylym FabLa командасына 2026 CREATE U.S. Open Robotics Tournament – V5RC High School халықаралық чемпионатына қатысу мүмкіндігін сыйлады.
Турнир барысында қатысушылар роботты құрастыру, бағдарламалау, инженерлік ойлау мен тактикалық шешім қабылдау қабілеттерін кешенді түрде көрсетті. Gylym FabLab командасы техникалық дайындық, жобаның инженерлік шешімі, командалық үйлесім және жарыс стратегиясы бойынша төрешілердің жоғары бағасына ие болды.
Жеңімпаз команда 2026 жылдың 16-18 наурызында АҚШ-тың Айова штатында өтетін әлемдік додада үздік командалармен бақ сынайды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

