17 желтоқсан күні Астанада ауа райының күрт бұзылуына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0–6 сынып оқушылары қашықтан білім алады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы Астана қалалық білім басқармасы мәлімдеді.
Елордада ауа райының нашарлауына байланысты бұған дейін дауылды ескерту жарияланған болатын. Қалада қар жауып, бұрқасын көтеріледі, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Желдің екпіні түнде және таңертең секундына 15-18 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗ
Алматы жұмысшылары Құрылтай сайлауына үн қостыТуризмнің екінші тынысы: Катонқарағай мен Марқакөлге инвестиция не бередіТалдықорғандағы саябақтар автоматты жүйемен суарыладыСиноптиктердің болжамынша, ауа температурасы күндіз де, түнде де -15-17 градус шамасында болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







