Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Стамбұл әскери-теңіз верфінде жаңа платформаларды іске қосу рәсімінде 300 метрлік авианосец құрылысы басталғанын жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Түркіияда TCG Anadolu деп аталатын авианосеці бар. Енді соның «ағасы» пайда болмақ. Ердоған қорғаныс өнеркәсібіндегі әр жобаны тек бір өнім ретінде емес, тұтас экожүйе мен өндірістік қуатты өсіру құралы ретінде қарайтынын ашық айтты. Құрлықта ықпал етемін десең, әуеде де, теңізде де әлсіз болмауың керек.
Түркия зерттеу, жобалау, бағдарламалық қамту, сериялық өндіріс сияқты кезеңдердің барлығын ұлттық ресурсқа сүйеніп атқаруды көздеп отыр. Мұның саяси мәні бар, сыртқы тәуелділікті қысқарту, шешім қабылдауда еркін болу.
Бүгінде Түркия қорғаныс өнімдері экспорты бойынша әлемде 11-орында тұр. Соңғы 11 айда қорғаныс және аэроғарыш экспорты 30 пайызға өсіп, 7 млрд 445 млн долларға жеткен.
Сонымен қатар Түркия өз күшімен әскери кеме жасап, суға түсіре алатын он елдің қатарына еніп отыр. Қазір Түркияда құрлықта, теңізде, әуеде және киберкеңістікте тежеу қуатын күшейтетін жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асуда. Анкара қауіпсіздік күн тәртібін өз ыңғайына құрып, аймақтағы салмағын жоғалтпауға күш салуда.

