Алматы маңында болған ауыр жол-көлік оқиғасына үнділік студент көз жұмды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Үндістанның Астанадағы елшілігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, апатқа ұшыраған жеңіл көлікте Үндістанның бес азаматы болған. Олардың төртеуі Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы студенттері, ал біреуі турист ретінде сапарға шыққан. Жолаушылар Шымкент қаласынан Алматы бағытына жол тартқан.
Дипломатиялық өкілдіктің хабарлауынша, жол апаты салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы үш жолаушы ауыр жарақат алып, қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр.
Елшілік қаза тапқан студенттердің отбасына ресми көңіл айтты. Марқұмдар Үндістанның Раджастхан штатынан шыққан жастар екені нақтыланды. Қазіргі уақытта дипломатиялық қызмет өкілдері жергілікті органдармен байланыста болып, зардап шеккендерге қажетті құқықтық және гуманитарлық қолдау көрсету мәселесін үйлестіріп жатыр.
Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау бойынша тергеу жұмыстарын жалғастырып отыр. Апаттың нақты мән-жайы алдағы уақытта белгілі болады.
Қазақстанда жол апатына түскен жолаушылардың құқығы енді заң жүзінде қорғалмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

