Ресейдегі металлургиялық комбинат аумағында екі Қазақстан азаматы қайғылы жағдайда қаза тапты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оқиға 14 қаңтарда Ресейдің Вологда облысындағы «Северсталь» компаниясына тиесілі Череповец металлургиялық комбинатының өндірістік алаңында болған.
«14 қаңтар күні Череповец металлургиялық комбинатының аумағында мердігер ұйымдардың екі қызметкері Қазақстан азаматтары қаза тапты. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда, арнайы қызмет өкілдері тексеру жүргізіп жатыр. Марқұмдардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз», – делінген «Северсталь» компаниясының хабарламасында.
Ресей Федерациясының Вологда облысы бойынша Тергеу комитеті оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қайғылы жағдайдың нақты себептері анықталуда.
Айтпақшы, Түркістан облысында әкесін соққыға жығып, қорлық көрсетті деп айыпталған Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын қалды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

