Астрологтар сенбі мен жексенбі күндері кімнің өмірінде маңызды шешімдер қабылдауға қолайлы кезең екенін, ал кімге тыныштықта демалған дұрыс екенін айтып берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тоқты
Бұл демалыста белсенділікті азайту қажет. Сенбі күні үй шаруасымен айналысып, жақындарыңызбен арадағы келіспеушілікті болдырмауға тырысыңыз. Ал жексенбіні тыныштықта өткізген абзал.
Торпақ
Торпақтар үшін бұл күндер – қаржылық жоспарлауға таптырмас уақыт. Болашақта табыс әкелетін тың идеялар туындауы мүмкін. Жеке өміріңізде де жағымды өзгерістер болмақ, кездесуге қолайлы күндер.
Егіздер
Демалыс күндері байланысқа толы болмақ. Өткен өміріңіздегі адамдардан хабар күтіңіз. Бірақ жұлдыздар бос уәде бермеуге кеңес береді. Оны орындау сіз ойлағаннан қиынырақ болуы мүмкін.
Шаян
Шаяндарға ішкі түйсікке құлақ түрген жөн. Шаршауды сезсеңіз, көңілді кештерден бас тартыңыз. Жексенбі денсаулығыңызға көңіл бөліп, демалуға тамаша мүмкіндік.
Арыстан
Бұл күндері харизмаңыз артып, айналаңыздағы адамдардың назарын бірден өзіңізге аударасыз. Бұрын шешілмеген жеке мәселелерді реттеуге мүмкіндік туады. Дегенмен, сауда жасау кезінде абай болыңыз, қалтаңыздан артық шығын кетуі мүмкін.
Бикеш
Жұлдыздар Бикештерге әрбір ұсақ-түйекке мән беруді ұсынады. Сенбі күні тұрмыстық мәселелер мазалауы мүмкін, алайда жексенбі сізге жан тыныштығын сыйлайды.
Таразы
Таразылар үшін бұл күндер – маңызды шешім қабылдау уақыты. Ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырған істерді қолға алуға тура келеді. Достарыңыз ойыңызды бөліссеңіз, сізге қолдау көрсетеді.
Сарышаян
Бұл күндері күш-қуатыңыз артады. Жоспарлағаннан да көп шаруаны атқарасыз. Әсіресе спортпен шұғылданып, таза ауада демалсаңыз, табысқа жетесіз.
Мерген
Саяхаттау немесе жай ғана қоршаған ортаны өзгерту Мергендер үшін өте қажет. Тіпті қала сыртына қысқа сапардың өзі көңіл-күйіңізді көтеріп, жаңа аптаға күш сыйлайды.
Тауешкі
Айналаңыздағы адамдарға шыдамдылық танытыңыз. Сенбі күні серігіңізбен түсінбеушілік болуы мүмкін, бірақ жексенбі кешіне қарай бәрі орнына келеді. Ірі сатып алуды жоспарлауға қолайлы уақыт.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар шығармашылықпен айналысуға құлшыныс сезінеді. Ішкі ойларыңызды шектемеңіз, бұл сізді жаңа қырыңыздан тануға көмектеседі. Жеке өміріңізде күтпеген жағымды сыйлық болуы мүмкін.
Балықтар
Балықтарға жұлдыздар тыныштық сыйлайды. Осы демалыста ағыммен жүзген дұрыс. Ауыр физикалық жұмыстардан аулақ болып, жақсылап тынығып алыңыз.
Айтпақшы, МӘМС қорының басшылығы толық ауысты. Бұған дейін Президент әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық саясатты бақылаған Гүлмира Сәбденбек енді Медициналық сақтандыру қорын басқарады
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

