Новосібір облысының сауда және өнеркәсіп министрлігі Қазақстаннан келген бірнеше шай түрінің құрамынан қауіпті бояғыш заттар анықталғанын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тексеріс қорытындысына сәйкес, «Әл-жәннәт», «Әл-Қайрат шайы», «Әл-Қайрат шәйі Premium Gold» маркалы өнімдерінен рұқсат етілген нормадан асып кеткен тартразин (Е 102) және «сары күн батар» (Е110) бояғыштары табылған.
Барабинск аудандық әкімшілігі аталған шайлардың денсаулыққа қауіпті екенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Сонымен қатар осындай өнімдер туралы дереу хабарлауды сұрады.
Айта кетелік, бұған дейін елімізде бірқатар шай түрін әкелуге және сатуға тыйым салынған.
Қазақстанның бас санитар дәрігері қабылдаған шешімге санитарлық тексеру нәтижесі түрткі болған. Мамандар сауда орындарынан алынған шай үлгілерін зерттегенде, өнім құрамынан тағамдық бояғыштар табылыпты. Толық тізімі осы жерде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

