Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысы Талғат Ғазизовке нақты нәтиже көрсетуді талап етті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Үкімет отырысында сөз алған Премьер-министр ұлттық компанияның жаңа басшысына қызметке жуырда кіріссе де, көп күттірмей нақты өзгерістер әкелуі керектігін ескертті.
«Талғат Жанатұлы, қызметке енді кірістіңіз, бірақ бізге құр сөз емес, нақты нәтиже керек. Естіп тұрсыз ғой? Егер нәтиже болса, жұмысты жалғастырамыз, болмаса қоштасуға тура келеді. Осыған келістік пе?» – деді Бектенов.
Өз кезегінде Kazakh Tourism басшысы тапсырманы толық орындауға дайын екенін жеткізді.
Соңғы кезде Бектенов шенділердің слайды мен бірсыдырғы баяндамасынан шаршап жүр. Бұған дейін Үкіметбасы меморгандар бұрынғы жұмыс істеу тәсілінен арылмаса, тиісті шешім қабылдайтынын ескерткен болатын.
Күні кеше Бектенов МӘМС-ке шүйлігіп, маммографиядан өткен еркектерді әшкерелеген еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

