Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Жақыпова ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Светлана Қабыкенқызы Жақыпова 16 қаңтар 1968 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
Білімі:
• 1991 жылы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
• 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы:
• 1984–1986 жж. — Қараой орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі және ұзартылған күн тобының тәрбиешісі.
• 1991–1995 жж. — Тіжелінді орта мектептерінде математика пәнінің мұғалімі.
• 1997–2008 жж. — «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМК-да аға маманнан филиал директоры дәрежесіне дейін қызмет атқарған.
• 2008–2011 жж. — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік сақтандыру департаменті директоры.
• 2011–2013 жж. — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалар басшысы.
• 2013–2014 жж. — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице‑министрі.
• 2014–2017 жж. — ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице‑министрі.
• 2017–2019 жж. — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице‑министрі.
• 2020–2023 жж. — БҰҰ Даму бағдарламасында аға сарапшы.
• 2023 жылғы маусымнан бастап — ҚР Президенті жанындағы Әлеуметтік осал топтардың құқықтары жөніндегі уәкіл.
• 2 қыркүйек 2023 жылдан бастап – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
• 6 ақпан 2024 жылы Президент Жарлығымен қайта тағайындалған.
Естідіңіздер ме, еліміздегі мектептерде былтыр басталған бірнеше пәнді біріктіру реформасы уақытша тоқтатылатын болыпты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

