Соғыс болып жатқан Украинадан бас сауғалап, Қазақстанға келген Алиша есімді азаматша ойын ортаға салды, деп жазады Ertenmedia.kz.
– Қазақстанға Украинадан кішкентай баламмен бірге келдім. Бұл қадам өміріміздің жаңа кезеңіне жол ашты. Біз алғаш күннен бастап қазақ елінің мәдениетімен жақынырақ танысуға, салт-дәстүрін құрметтеуге тырысып келеміз.
Балам қазір қазақ балабақшасына барып жүр. Ол сол жерде өз қатарластарымен араласып, қазақ тілін қызығушылықпен үйреніп, ұлттық мәдениетті бойына сіңіріп жатыр.
Оның жаңа ортаға тез бейімделіп, күннен-күнге өсіп, өзін еркін сезіне бастағанын байқаймын. Осы елді шын жүректен жақсы көріп қалдық, ендігі болашағымызды Қазақстанмен байланыстыруды қалаймыз, – дейді Алиша.
Танымал әнші Ерке Есмахан отбасылық демалысынан тағы да ерекше жылы сәттермен бөлісті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

