30 қаңтарда Қазақстан аумағының басым бөлігі кең ауқымды антициклон ықпалында болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Сондықтан республика бойынша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек елдің батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктерге байланысты қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстік, шығыс және оңтүстік аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 9-14 метрге, күндіз Аягөз ауданында 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12-17°C, солтүстік және оңтүстікте -22°C, күндіз -3-8°C, солтүстікте -12°C.
Ақмола облысының солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған қар жаууы мүмкін. Батыс, оңтүстік және орталық аудандарда тұман болжанады. Жел оңтүстік-батыстан, екпіні 9-14 м/с, солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түнде температура -16-21°C, солтүстігінде -10°C, күндіз -4-9°C.
Ақтөбе облысында жауын-шашын болмайды. Таңертең және күндіз облыстың оңтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан, жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде температура -8-13°C, оңтүстігінде -5°C, күндіз -3-8°C.
Алматы облысында жауын-шашын күтілмейді. Оңтүстік пен таулы аудандарда тұман түседі. Шығыс бағыттан соққан желдің күші 9-14 м/с, облыстың шығысында 15-20 м/с күшейеді. Температура түнде -5-10°C, солтүстік пен таулы аймақтарда -15-20°C, күндіз -4°C пен +1°C арасында, солтүстік пен таулы аудандарда -7-12°C.
Атырау облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыс пен солтүстікте тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Температура түнде -3-8°C, облыстың шығысында -12°C, күндіз 0-5°C аяз болады.
Солтүстік пен шығыста аяз күшейеді
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік, оңтүстік және орталық аудандарда тұман түседі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с соғады. Түнде -13-18°C, оңтүстігі мен шығысында -22°C, күндіз -5-10°C, шығысында -13°C.
Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, төменнен соққан бұрқасын күтіледі. Тұман, көктайғақ болады. Желдің екпіні солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін жетеді. Түнде -2-7°C, солтүстігі мен таулы аудандарда -11°C, күндіз -3°C пен +2°C арасында, солтүстігі мен таулы аудандарда -6°C.
Жетісу облысында жауын-шашын болмайды. Солтүстігінде, шығысында, орталық пен таулы аудандарда тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, Алакөл көлдері аймағында 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с. Температура түнде -9-14°C, шығысы мен таулы аймақтарда -19°C, күндіз 0-5°C, шығысы мен таулы аймақтарда -8°C.
Батыс Қазақстан облысында батыс пен оңтүстікте аздаған қар, тұман және көктайғақ болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, солтүстік пен шығысында 15-20 м/с. Түнде температура -8-13°C, батысы мен оңтүстігінде -5°C, күндіз -5-10°C, батысы мен оңтүстігінде -2°C.
Қарағанды облысында жауын-шашынсыз болады. Батыс, солтүстік, шығыста тұман. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с. Түнде температура -13-18°C, оңтүстігінде -3-8°C, шығысында -21°C, күндіз -4-9°C, солтүстігінде -12°C, оңтүстігінде -1°C.
Қостанай облысында жауын-шашын болмайды. Шығыс пен оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, батыс пен солтүстігінде 15-20 м/с. Түнде температура -8-13°C, оңтүстік-шығысында -16°C, күндіз -2-7°C, оңтүстік-шығысында -11°C.
Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Орталық, оңтүстік пен солтүстігінде тұман, көктайғақ, төменнен соққан бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с, орталығында 15-20 м/с. Температура түнде -2-7°C, солтүстігінде -11°C, күндіз -2°C пен +3°C арасында, солтүстігінде -5°C.
Тұман, жел, көктайғақ
Маңғыстау облысында батысында қар мен жаңбыр жауады. Солтүстік-шығысы мен орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с, батысында, оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с. Түнде -2-7°C, солтүстік-шығысында -10-15°C, күндіз 0-5°C жылы, солтүстік-шығысында -3°C.
Павлодар облысында жауын-шашын болмайды. Оңтүстік пен шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан 7-12 м/с. Түнде -18-23°C, солтүстігінде -15°C, күндіз -7-12°C, оңтүстік-шығысында -15°C.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде аздаған қар, төменнен соққан бұрқасын, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде -9-14°C, оңтүстігінде -18°C, күндіз -3-8°C, оңтүстігінде -11°C.
Түркістан облысының таулы аудандарында қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с, таулы асуларда 15-20 м/с. Түнде -5-10°C, солтүстігі мен таулы аудандарда -13°C, күндіз -2°C пен +3°C, солтүстігі мен таулы аудандарда -5°C.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз болады. Солтүстігі, шығысы мен орталығында тұман. Жел солтүстік-шығыстан 9-14 м/с. Түнде -9-14°C, оңтүстігінде -6°C, күндіз -2-7°C, оңтүстігінде +1°C дейін жылынады.
Айтпақшы белгілі экономист Олжас Құдайбергенов тілішлерімізге Сюцай ұйымының өкілдері арасында үлкен дүрбелең басталғанын айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

