Соңғы уақытта қазақстандықтарға «салық органдарынан» деп салық режиміне көшу туралы шұғыл хабарламалар жиі келе бастады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мұндай хаттарда сілтемелер көрсетіліп, айыппұл қаупі туралы ескертіледі. Өз кезегінде Мемлекеттік кірістер комитеті мұны алаяқтардың әрекеті екенін ескертеді. Олардың мақсаты азаматтарды қорқытып, жеке деректерін немесе қаржысын иемдену.
Алаяқтардың арбауына түспеу үшін қарапайым үш ережені есте сақтаңыз:
Ресми ескертулер тек салық төлеушінің жеке кабинетіне немесе тексерілген электрондық сервистер арқылы (1414 байланыс орталығының хабарламалары, ресми push-хабарлама) келеді.
Ешкімге SMS-тен келген кодты немесе құпиясөзді бермеңіз. Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері мұндай мәліметтерді ешқашан сұрамайды.
Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. «Салық органынан» келген хатта «төлеу» немесе «тексеру» деген батырма болса, оны бірден өшіріңіз.
Қандай жағдайда сақ болу қажет?
Күдікті сілтемелерге өтпеңіз.
Бейтаныс нөмірлерге жауап бермеңіз.
Жеке мәліметтер мен қаржылық ақпаратты ешкімге бермеңіз.
Ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз.
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режиміне (СНР) көшуге өтінім беру 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолжетімді. Өтінімді салық төлеушінің жеке кабинетінде ЭЦҚ арқылы, E-Salyq Business қосымшасында, банктердің (Kaspi, Halyk, БЦК) мобильді қолданбаларында немесе Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде беруге болады.
Салық органдары ешқашан код сұрамайды, кезекке тұрғызбайды және «алдын ала жазылу» жүргізбейді. Алаяқтар әрдайым үрей мен асығыстықты пайдаланады. Сақ болыңыз, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз.
Қазақстанда еш жерде ресми жұмыс істемеген азаматтар зейнет жасында мүлдем қаражатсыз қалмайды. Осыған қатысты толық ақапаратты осы жерден табасыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

