Тараздағы фосфор зауытында денесінің 45 пайызы күйген жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оқиға Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында болған. Цехта жұмыс істеп жатқанда пештен фосфорлы қоқыс атқылап, үш қызметкер зардап шеккен. Олар ауыр күйік жарақатын алған, денелері мен тыныс алу жолдары күйген.
32 жастағы жұмысшының жағдайы өте ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін үш күн күрескен. Бірақ оны аман алып қалу мүмкін болмады. Қалған екі жұмысшы қазір дәрігерлердің бақылауында.
Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жауапты тұлғаларды анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылды. Сондай-ақ оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, шұғыл тексерулер жүргізілуде.
– Еңбек инспекциясы департаментінің бұйрығымен арнайы комиссия құрылып, бұл оқиғаға құқықтық баға беріледі. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайлары тексеру барысында анықталады, – деді Жамбыл облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті бөлімінің басшысы Бекжан Әбді.
Түркістан облысында қыз алып қашудың кезекті сұмдық оқиғасы қоғамды дүр сілкіндірді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

