Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түседі. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-ке жетеді. Алматы және Қонаев қалаларында да түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Ақмола облысында түнде батыс пен солтүстікте қар жауып, боран соғады, көктайғақ күтіледі. Күндіз өңірдің батыс, солтүстік және оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда таңертең және күндіз қар мен жаңбыр жауып, боран соғып, көктайғақ болады.
Жамбыл облысында тұман түседі, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысқан желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Тараз қаласында тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында қатты жауын-шашын (қар аралас жаңбыр), көктайғақ және боран соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді. Қызылорда қаласында тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысы мен орталығында боран күтіледі. Оңтүстігі мен орталығында тұман түседі. Жарма ауданында желдің екпіні 23-28 м/с.
Жауын-шашын болады
Ақтөбе облысында күн суытып, ауа температурасы 7-12, облыстың батысы мен солтүстігінде 15-20 градусқа дейін төмендейді. 6 ақпанға қараған түні температура -23-28 градусқа дейін құлайды. Ақтөбе қаласында да температура күрт төмендеп, 15-17 градус аяз күтіледі, 6 ақпан түнінде аяз -23-25 градусқа жетеді.
Қостанай облысында қар жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с. Қостанай қаласында қар жауып, боран соғып, көктайғақ болады, жел күші 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысының батысы, оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с, таулы асуларда 23-28 м/с жетеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында жел күші 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының оңтүстігі, солтүстігі мен орталығында қар, боран, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с соғады. Ақтау қаласында желдің екпіні 15-20 м/с.
Жетісу облысының солтүстігі, орталығы мен таулы аймақтарында тұман. Алакөл көлі маңында шығыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетеді.
Атырау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде боран күтіледі, жел күші 15-20 м/с жетеді. Атырау қаласында желдің екпіні 15-18 м/с.
Астанада күннің екінші жартысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысында таңертең және күндіз боран, көктайғақ, облыстың батыс, солтүстік және оңтүстігінде тұман түседі. Жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Енді еліміздегі жер қойнауын пайдаланушылар жылдық табысының 1%-ын Astana Hub инновациялық кластерінің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жобаларына бағыттауға міндеттеледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

