9 ақпан күні Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде ауа температурасы -22 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстік аймақтарда күн жылы болып, +14 градусқа дейін көтеріледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді, желдің жылдамдығы күндіз 9-14 м/с. Түнде ауа температурасы -21…-13°C болса, күндіз -7…-9°C.
Алматыда күн бұлтты болады, жауын-шашынсыз, жел күндіз 10 м/с дейін күшеюі ықтимал. Түнгі температура -2…-4°C аралығында, күндіз +1…+3°C шамасында болады.
Шымкентте күн ашық әрі жылы, жауын-шашын болмайды. Жел – 8-13 м/с. Түнде ауа температурасы 0…-2°C, ал күндіз +12…+14°C жылы болады.
Ақтауда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде 0…-2°C аралығында, күндіз ауа +7…+9°C-қа дейін жылынады.
Ақтөбеде ауа райы бұлтты, қар жауады. Жел – 7-12 м/с. Түнде -15…-17°C, күндіз -5…-7°C аралығында болжанды.
Атырауда күн бұлтты, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі. Жел жылдамдығы – 9-14 м/с. Түнде -5…-7°C болса, күндіз 0…-6°C аралығында.
Жезқазғанда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, жел күндіз 9-14 м/с болады. Түнгі температура -16…-18°C, күндіз -3…-5°C аралығында.
Қарағандыда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел – 5-10 м/с. Түнде -15…-17°C, күндіз -5…-7°C шамасында суытады.
Жел мен тұман
Көкшетауда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, боран болуы мүмкін. Түнгі ауа температурасы -20…-22°C, күндіз -9…-11°C шамасында болады.
Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Жел екпіні күндіз 23-28 м/с дейін күшейеді. Түнде -2…-4°C, күндіз +2…+4°C.
Қостанайда ауа райы құбылмалы, жауын-шашын болмайды, жел – 9-14 м/с. Түнде -18…-20°C болса, күндіз -8…-10°C аралығында.
Қызылордада күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түсуі ықтимал. Жел – 9-14 м/с. Түнде -5…-7°C, күндіз +3…+5°C аралығында.
Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашын болмайды, жел – 9-14 м/с. Түнде -18…-20°C, күндіз -9…-11°C шамасында.
Петропавлда күн бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Түнде температура -19…-21°C, күндіз -9…-11°C.
Семейде күн бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел – 4-9 м/с. Түнде -16…-18°C болса, күндіз -7…-9°C суытады.
Талдықорғанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел жылдамдығы – 3-8 м/с. Түнде -6…-8°C болса, күндіз -2…-4°C шамасында.
Таразда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз, тұман мен көктайғақ болуы ықтимал. Жел – 9-14 м/с. Түнде -4…-6°C болса, күндіз +4…+6°C.
Түркістанда күн көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды, жел жылдамдығы – 8-13 м/с. Түнде -1…-3°C, күндіз +10…+12°C-қа дейін жылы болады.
Оралда күн бұлтты, қар жауып, тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел – 9-14 м/с. Түнде -11…-13°C болса, күндіз -5…-7°C.
Өскеменде күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел – 4-9 м/с. Түнде -12…-14°C, күндіз -8…-10°C аралығында болжанды.
Естідіңіз бе, Алматыда Әзербайжанның танымал әншісі Роза Зергерли Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны шығармашылығының 50 жылдық мерейтойымен арнайы құттықтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

