Таз қотыр (парша) алма ағаштарына жиі зиян келтіретін аурулардың бірі. Бұл аурумен күресудегі ең тиімді әдіс – алдын алу шараларын уақтылы жүргізу. Ағаштарға дұрыс күтім жасау арқылы аурудың таралуына жол бермеуге болады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алма ағашын аурудан қорғау жұмыстарын ерте көктемде бастаған жөн. Ол үшін ағаш бүршіктенбей тұрып, фунгицидтермен міндетті түрде өңдеу қажет. Бұл ағашта аурудың алғашқы белгілерінің пайда болуына тосқауыл қойып, ағаштың жыл бойы сау өсуіне мүмкіндік береді.
Өсімдік қалдықтарын жинау. Жерге түскен жапырақтар мен жемістер – инфекцияның негізгі көзі. Сондықтан оларды дереу жинап, бақтан алыстатқан дұрыс. Жер бетінде қалған қалдықтарда аурудың споралары қыстап шығады.
Ағаштарды санитарлық кесу. Ағаштың ішінде ауа жақсы айналуы үшін санитарлық кесуді уақтылы жасаңыз. Бұлай істеу ылғалдың шамадан тыс жиналуын азайтып, аурудың таралуына қолайсыз орта қалыптастырады.
Топырақты тыңайту және күтіп-баптау. Ағаштың иммунитетін нығайту үшін топырақтың жағдайын жақсарту қажет. Құнарлы әрі микроэлементтерге бай топырақ ағашты көптеген аурудан сақтайды. Қажетті микроэлементтердің жетіспеушілігі алма ағашын әлсіретіп, таз қотырға қарсы төзімділігін төмендетеді.
Ылғалды бақылау. Тым жиі суару мен бақтағы жоғары ылғалдылық аурудың өршуіне ықпал етеді. Сондықтан бақша топырағының жақсы дренаждалғанына көз жеткізіп, шамадан тыс ылғалдан сақтану қажет.
Осы шараларды жүйелі түрде орындасаңыз, алма ағашы таз қотырдан қорғалып, мол өнім береді.
Айтпақшы, кофе ішу гипертонияның (жоғары қан қысымы) пайда болу қаупін арттырмайды екен. Ғалымдар 315 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен 13 зерттеудің нәтижесін талдап, осындай қорытындыға келіпті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

