Geely брендінің Қазақстандағы ресми дистрибьюторы және Orbis Auto автомобиль тобының құрамына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы Қазақстан нарығында жаңартылған Geely Coolray кроссоверін таныстырды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа модель төрт комплектацияда ұсынылады: Standard, Comfort, Flagship және Flagship Sport Pack. Ұсынылатын бөлшек сауда бағасы 9 690 000 теңгеден басталады.
Geely Coolray жаңартуы автокөліктің негізгі элементтерін қамтыды. Атап айтқанда, техникалық сипаттамалары жетілдіріліп, дизайны жаңарып, цифрлық жабдықталу деңгейі артты.
Ресми дистрибьютордың мәліметінше, енгізілген өзгерістер модельдің динамикасын, функционалдығын және жабдықталу сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп, оны қалалық ықшам кроссоверлер сегментіндегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтті.
«Geely Coolray қазақстандық нарықта брендтің ең сұранысқа ие модельдерінің бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 3 259 Coolray автокөлігі сатылды. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 42%-ға артық және модельдің ықшам кроссоверлер сегментіндегі тұрақты сұранысын айқын көрсетеді. Жаңартылған нұсқа тұтынушылардың қазіргі талап-тілектеріне толық сай келеді әрі автокөліктің негізгі артықшылықтарын – тиімділігін, үйлесімді техникалық сипаттамаларын және бәсекеге қабілетті бағасын сақтауға мүмкіндік береді», – деді G Motors Kazakhstan компаниясының директоры Регина Амерханова.
Жаңартылған Coolray несімен ерекше?
Жаңартылған Coolray моделі 174 ат күшіне ие, айналу сәті 290 Н·м болатын 1,5 литрлік турбиналы бензин қозғалтқышымен жабдықталған және 7 сатылы «ылғал» типтегі роботтандырылған беріліс қорабымен (7DCT) үйлесім тапқан.

Барлық техникалық шешімдер шанақтың жоғары беріктігі мен мінсіз басқарылуын қамтамасыз ететін BMA модульдік платформасына негізделген.
Көлік 100 км/сағ жылдамдыққа 7,6 секундта жетеді, ал орташа жанармай шығыны 100 шақырымға 6,5 литрді құрайды. Жол жағдайына бейімделу үшін Eco, Comfort, Sport және Smart сынды төрт түрлі жүргізу режимі қарастырылған.
Техникалық өзгерістер көліктің сыртқы келбетіндегі жаңартулармен толықты. Модельдің алдыңғы бөлігі жаңартылып, жаңа радиатор торы мен жарықдиодты оптикаға ие болды. Артқы жағында тұтас LED-шамдар орнатылған. Сондай-ақ екі түсті шанақ бояуы, 18 дюймдік жеңіл қорытпадан жасалған дөңгелек дискілері және спорттық аэродинамикалық спойлер қарастырылған.
Жаңартулар интерьерде де өз жалғасын тапты
Салон заманауи цифрлық технологиялар мен қолайлылыққа басымдық бере отырып жасалған. Көлік жабдықтарына диагоналі 8,8 дюймдік цифрлық аспаптар панелі мен Android Auto функциясын қолдайтын Flyme Auto мультимедиялық жүйесі бар 14,6 дюймдік орталық сенсорлы дисплей кіреді.
Жиынтықталуына қарай жүргізуші орындығының электр жетегі, алдыңғы және артқы орындықтарды жылыту, беріліс қорабының электронды селекторы мен панорамалық шатыр қолжетімді.
Белсенді қауіпсіздік жүйелеріне ерекше көңіл бөлінген. Жаңартылған Geely Coolray жүргізушіге көмек көрсететін L2 деңгейіндегі ADAS ассистенттер кешенімен жабдықталған. Оның құрамына интеллектуалды круиз-бақылау, қозғалыс жолағында ұстау жүйесі, автоматты төтенше тежеу, көрінбейтін аймақтарды бақылау және автотұраққа көмектесетін ассистенттер кіреді. Маневр жасауды жеңілдету үшін 540° панорамалық айналмалы шолу жүйесі қарастырылған.
Жаңартылған Geely Coolray Қазақстанның 17 қаласында орналасқан брендтің барлық 23 ресми дилерлік орталығында сатылымға шықты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

