Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өміріне «аскеза» енгізу арқылы айтарлықтай өзгеріс болғанын айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
Өз кезегінде танымал тележүргізуші өзін-өзі шектеу тетігі тек салмақ тастауға емес, ішкі тәртіп пен сенімді қалыптастыру керектігін алға тартты.
Тәттіден, газдалған сусыннан бас тартқан, жаяу жүруді көбейткен, ойлау мәдениетіне назар аударып, ұйқы режимін тұрақтандырған. Мұндай қадам денсаулық тренді ретінде емес, жеке мақсатқа байланған ішкі келісім форматына құрылған.
Өз сөзінде ол өзін «келісімшартқа отырған адамдай» сезінгенін айтады. Егер тәртіп бұзылса, ниет орындалмайды деген психологиялық тосқауыл орнатқан. Сол шектеу миға сигнал беріп, өзін-өзі бақылау механизмін күшейткен.
Сұлтанқызы мұндай аскетикалық тәртіп ерік-жігері әлсіз адамдарға өзін жинақтауға көмектесетінін алға тартты. Нәтиже ұзақ күттірмеген: салмақ азайған, тері тазарып, ұйқы реттелген. Ең маңыздысы ішкі сенім нығайған. Оның айтуынша, дәл осындай тәсілді қолданған таныстарының бірі темекіден бас тартқан.
Желі қолданушылары тележүргізушінің сырт келбетінде оң өзгеріс барын атап, кейбірі жеке өміріне қатысты болжам да жасай бастады. Дегенмен жарияланған жазбада негізгі акцент сыртқы эффектіде емес, өзін-өзі тәртіпке шақыру тәжірибесіне қойылған. Қоғамда аскеза ұғымы діни немесе рухани контекстен тыс, психологиялық өзін-өзі реттеу құралы ретінде жиі талқыланып келеді. Ләйлә Сұлтанқызының тәжірибесі сол трендтің тағы бір мысалына айналды.
Айтпақшы, Дубайға қоныс аударған Назарбаевтың немересі соңғы уақытта философиялық әрі мистикалық сипаттағы ойларымен жұрт назарын аударып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

