Түркістанда дәрігерлерді таңғалдырып, елдің жағасын ұстатқан ерекше жағдай болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қалалық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілген 15 жастағы қыздың асқазанынан салмағы бір келіге жуық шаш шықты. Білікті хирург пен анестезиолог бастаған дәрігерлер үш сағат бойы тынбай жұмыс істеп, науқастың өмірін арашалап қалды.
Қазір жасөспірімнің жағдайы тұрақталған. Дегенмен ол дәрігердің жіті бақылауында.
Мамандардың айтуынша, мұндай жайт медицинада сирек кездеседі екен. Дер кезінде шара қолданбаса, науқастың өміріне қауіп төнуі мүмкін еді.
Айтқандай, дәрігерлер енді алаңсыз жұмыс істейді. Енді жұмыс бабындағы дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілерінің мәртебесі полиция, құтқарушы, қорықшы және билік өкілдерімен теңеседі. Депутат Асхат Аймағамбетов осы тұста жаңа заңның маңыздылығына тоқталған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

