Жаңа Конституция жобасында азаматтардың саяси көзқарасына байланысты құқықтарын шектеуге тікелей тыйым салынады.
Бұл туралы Астанада өткен партияаралық диалог барысында Халық партиясы фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Оның айтуынша, Конституция жобасында адамның саяси сенімі, пікірі немесе қоғамдық-саяси өмірге қатысқаны үшін құқығын еркінен тыс шектеуге нақты тыйым салынады.
«Мемлекет азаматты саяси көзқарасы үшін жұмыстан босата алмайды. Қоғамдық белсенділігін шектей алмайды немесе қандай да бір қолайсыз жағдай жасауға құқы жоқ. Мұндай шектеулер тек қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті немесе өзге адамдардың заңды құқықтарын қорғау мақсатында, заң бұзылған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін», – деді депутат.
Магеррамов бұл норманың азаматтардың саяси құқықтарын қорғауды күшейтіп, халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
Айта кетейік, жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум 15 наурыз күні өтеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







