Қазақстан қор биржасындағы (KASE) 5 наурыздағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 493,36 теңгені құрады. Бұл алдыңғы күнгі көрсеткішпен салыстырғанда бірден 6,13 теңгеге төмен деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Ұлттық банктің ресми бағамы 5 наурызда 499,83 теңге болып белгіленді.
Kurs.kz мәліметінше, дәл қазіргі сәтте Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау пункттеріндегі доллардың орташа бағамы мынадай:
Алматыда:
Сатып алу – 491,75 теңге;
Сату – 494,66 теңге.
Астанада:
Сатып алу – 491,01 теңге;
Сату – 498,01 теңге.
Айта кетсек, бұған дейін Ұлттық банк ақпан айындағы теңге бағамының өзгеруіне қатысты түсініктеме берген болатын. Ақпанның қорытындысы бойынша теңге бағамы 0,7 пайызға нығайып, бір доллар үшін 497,69 теңгені құрады. Бір айдағы биржадағы орташа күндік сауда көлемі 306 миллионнан 335 миллион долларға дейін ұлғайған, ал жалпы сауда көлемі 6,7 миллиард долларды құрады.
Сонымен қатар, 23 қаңтарда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде (18 пайыз) қалдырды. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, инфляциялық қысымды тежеу мақсатында базалық мөлшерлеме алдағы алты ай бойы өзгермеуі мүмкін. Дегенмен, жағдай талап етсе, Ұлттық банк ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуға дайын екенін мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







