Наурыз айындағы мерекелерге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі белгілі болды деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясына сілтеме жасап.
Осы айда еліміздегі барлық ХҚКО (ЦОН) мен мамандандырылған орталықтар алты күн бойы жұмыс істемейді. 8 және 9 наурыз күндері Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай орталықтар толық жабылады.
Наурыз мейрамы кезінде де ХҚКО-лардың есігі төрт күн бойы – 21-24 наурыз аралығында жабық болады.
Тек 25 наурыз күні кезекші бөлімшелер таңғы сағат 9:00-ден түскі 13:00-ге дейін қысқартылған режимде қызмет көрсетеді.
Қалған күндері орталықтар әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады.
Айтқандай алдағы мереке күндері Қазақстан аумағында ауа райы күрт құбылып, көктем тосын мінез көрсетеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






