Шетелде жүрсе де, кәсіби біліктілігімен көзге түсіп жүрген қазақ қызының бірі Әсел Аяпова. Ол бүгінде АҚШ-тың AES корпорациясындағы энергетикаға арналған жаһандық дрондық инновациялық бағдарламаның директоры қызметін атқарады.
Сондай-ақ ол Энергетикадағы дрондар мен роботтар халықаралық коалициясының және Америкадағы «Women and Drones» қауымдастығы кеңесінің мүшесі деп хабарлайды Ertenmedia.kz Егеменге сілтеп.
Әсел жетекшілік еткен бағдарлама АҚШ энергетикасы мен ғаламдық ұшқышсыз авиация саласында үлкен жетістікке жетті.
Оның командасы халықаралық «AUVSI Award 2018» сайысында екінші орын алса, тағы бір беделді жарыста үздік үштік қатарынан көрінді. Осылайша, қазақ қызы өз кәсібилігін жаһандық деңгейде дәлелдеп отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







