Қазақстанның басым бөлігінде 12-14 наурыз аралығында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің айтуынша, солтүстік пен шығыста соңғы күндері байқалған аяз бен қарлы боранның екпіні басылып, орнына жылы ауа массалары келе бастайды. Қазір осы өңірлерде ықпал етіп тұрған суық антициклон әлсірейді.
«12 наурыздан бастап еліміздің барлық аймақтарында көктемгі ауа райы сезіле бастайды. Солтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы нөл градус пен аздаған жылылыққа ауысады. Ал оңтүстік аймақтарда аптаның ортасына қарай күн 5-10 градусқа дейін жылиды», – делінген «Қазгидромет» болжамында.
Наурыз айының жалпы сипаты құбылмалы болмақ: солтүстікте қарлы боран, оңтүстік пен батыста жауын-шашынды ауа райы жиі қайталанады. Орташа температура климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Дегенмен, ара-тұра қысқа мерзімдік салқындау да жоқ емес.
Айта кетелік, бұған дейін біз 2026 жылы қазақтарды күтіп тұрған тосын өзгерістер туралы жазғанбыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







