Марқакөл ауданындағы №749 референдум учаскесінде дауыс беру күні тұрғындарға ерекше мерекелік бағдарлама ұсынылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Дауыс беру учаскесінің жанында ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Тұрғындар арқан тартыс, асық ату, гір көтеру, сондай-ақ тоғызқұмалақ сияқты ұлттық және зияткерлік ойындар бойынша сайысқа түсті.
Аудан халқы жарыстарға белсенді қатысып, бір-біріне қолдау көрсетіп, ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Спорттық сайыстарға жастармен қатар, үлкен буын өкілдері де қатысып, ауыл тұрғындарының бірлігін көрсетіп, шараның маңызын арттыра түсті.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар дауыс беру учаскесінің жанында ұйымдастырылған салтанатты шарада арнайы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен жергілікті тұрғындар құттықтап, олардың белсенділігі мен ұлттық спортқа деген ықыласын ерекше атап өтті.
Осындай шаралар жастарды ұлттық дәстүрлермен жақынырақ таныстырып қана қоймай, аудан тұрғындарының бірлігі мен ынтымағын нығайтуға зор септігін тигізеді. Шараға қатысушылардың көпшілігі бұл бастамалардың маңызды қоғамдық-саяси күндердің маңызын арттырып, елдің ауызбіршілігін одан әрі күшейтетінін айтты.
Айтқандай, ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума екенін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







