Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев өңірдегі дауыс беру процесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Оның айтуынша, коалицияның байқаушылары бүгін таңғы сағат 5:45-тен бастап дауыс беру учаскелеріне келіп, референдум барысын бақылауға кіріскен.
– Біздің байқаушылар облыс көлеміндегі 922 учаскеге бекітілген. Олардың барлығы арнайы оқудан өтіп, дауыс беру процесін бақылауға қажетті нұсқаулықтар алды. Қазір байқаушылар сайлау учаскелерінде дауыс берудің заңға сәйкес әрі әділ өтуін қадағалап отыр, – деді Бақытжан Әшірбаев.
Ол сондай-ақ референдумның ашық әрі заңға сай өтуі үшін коалицияның байқаушылары барынша мұқият бақылау жүргізіп жатқанын атап өтті.
Соңғы кезде моншаға бару денсаулықты жақсартудың сәнді трендіне айналды. Бірақ бұл үрдістің барлық пайдасын сезіну үшін қажетті ережелерді білу маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







