Бостандық ауданындағы №138 мектепте орналасқан сайлау учаскесінде республикалық референдумға орай ерекше мәдени шара ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова дауыс беруге келген тұрғындарға арнап шағын концерт беруде.
Өнер иесі өзінің репертуарындағы халыққа кеңінен танымал әндерін шырқап, учаскеге жиналғандардың көңіл-күйін көтеріп, ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды. Әншінің сахнадағы жарқын өнеріне риза болған тұрғындар қол соғып, қошеметтерін білдірді.
Айжан Нұрмағамбетованың орындауындағы «Асыл ана», «Сен деп келдім», «Қазақы дастарханым» секілді әндері сайлау учаскесіне келген азаматтардың көңілінен шықты. Кейбір тұрғындар әнмен бірге қосыла шырқап, тіпті ортаға шығып билеп, мерекелік көңіл-күйді одан әрі жандандыра түсті. Бұл көрініс қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың, халықтың ел тағдырына бейжай қарамайтынының жарқын дәлелі болды.
Учаскеге келген тұрғындар мұндай бастамалардың маңызы зор екенін атап өтті. Олардың айтуынша, мәдени шаралар дауыс беру процесіне деген қызығушылықты арттырып, сайлау күнін нағыз мерекеге айналдырады. Сондай-ақ тұрғындар елдегі маңызды саяси оқиғаларға белсенді қатысумен қатар, рухани демалып, мәдениетпен сусындау мүмкіндігіне ие болғандарын ризашылықпен жеткізді.
Концерт аяқталған соң Айжан Нұрмағамбетова тұрғындармен естелік суретке түсіп, барша жиналған қауымға ел болашағына қатысты осындай жауапты шараға белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, Бостандық ауданындағы №138 мектептегі дауыс беру учаскесінде сайлау процесі заң аясында және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп жатыр. Осындай мәдени іс-шаралар тұрғындар үшін саяси белсенділікті арттырып қана қоймай, азаматтық жауапкершілікті күшейтуге де ықпал етеді.
Тұқымды таңдағанда бірнеше маңызды жайтты ескеру керек. Ең алдымен, өсімдіктің сортына, күтілетін өнім көлеміне, бақшаңыздың аумағына және сақтау мүмкіндігіне назар аударыңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







