Бүгін Кентау қаласындағы №52 референдум учаскесінде ерекше шара өтті. Мұнда келген дауыс берушілерге арнап «Қаланың мақтанышы» атты фотокөрме ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Көрмеде Кентау қаласынан шыққан, еліміздің түрлі саласында танымал болған тұлғалардың фотосуреттері қойылды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін арттырып, жастарға жерлестерінің жетістіктерін үлгі ету болды.
Көрмеге келушілер жергілікті танымал тұлғалардың өмір жолымен, кәсіби жетістіктерімен танысты. Тұрғындар осы шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, туған қаласының тарихы мен мақтаныштары туралы естеліктермен бөлісті. Фотокөрме көпшіліктің қызығушылығын туғызып, ерекше әсер қалдырды.
Қазір Кентау қаласында референдум жоғары белсенділікпен өтіп жатыр. Қала бойынша таңғы сағат 07:00-ден бастап 35 дауыс беру учаскесі ашылып, өз жұмысын жалғастыруда. Жалпы қала бойынша референдумға қатысуға құқылы дауыс берушілердің саны 56 099 адамды құрайды.
Еске сала кетейік, бүгін Түркістан облысында республикалық референдум өткізу үшін жалпы саны 947 референдум учаскесі ашылды. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие, бұл облыс халқының 55,4 пайызын құрайды. Дауыс беру учаскелері саны жағынан көш бастап тұрған аудандар – Сайрам ауданы (89 учаске), Сарыағаш ауданы (82 учаске), Жетісай ауданы (75 учаске), Төлеби ауданы (69 учаске) және Түркістан қаласы (65 учаске).
Республикалық референдумды жоғары деңгейде өткізу үшін облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі тартылған. Оның ішінде 1 облыстық (7 мүше), 17 аумақтық (119 мүше) және 948 учаскелік комиссия (6 254 мүше) жұмыс істеп жатыр. Өңір тұрғындары тарихи маңызы зор осы күнде өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп, белсенділік танытуда.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







