ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Италияның Қазақстандағы елшісі Антонелло Де Риумен кездесіп, екі елдің бірлескен энергетикалық жобаларының жүзеге асу барысын талқылады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Министрдің айтуынша, Италия – Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктестерінің бірі. Қазіргі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық нақты өнеркәсіптік жобалар түрінде дамып келеді.
Әсіресе, ресурстық базаны кеңейту бойынша маңызды бастамалар қолға алынды. Мысалы, биыл қаңтар айынан бастап QazaqGaz және италиялық Eni компаниясы Каспий маңы бассейніндегі «Каменковский» учаскесін зерттеудің практикалық кезеңін бастады. Сонымен қатар «Оңтүстік Шу-Сарысу» және «Береке» учаскелеріндегі жұмыстар жалғасып жатыр.
Қашаған мен Қарашығанақтағы ынтымақтастықтан бөлек, мұнай-газ химиясын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, «Полиэтилен» жобасы аясында италиялық Maire Tecnimont басқаруымен газ бөлу және полимерлеу қондырғыларын орнату жұмыстары басталып кетті.
Энергетикалық трансформацияға бағытталған бірегей жоба – Жаңаөзенде салынып жатқан қуаты 247 МВт гибридті электр стансасы. Eni компаниясымен бірлескен бұл жоба күн, жел және газ энергиясын қатар пайдаланатын болады. Алғашқы жетістіктер де бар: 2025 жылы стансада 80 мың күн панелі орнатылып, электр қуатын өндіру басталды. Ал 2026 жылдың соңына дейін жел және газ қондырғылары іске қосылып, бұл Маңғыстау облысындағы мұнай-газ кешендерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады.
Сонымен қатар дәбірлі энергетика саласында да бірлескен жобалар бар. Алматыдағы ЖЭО-3 стансасында Ansaldo Energia компаниясымен әріптестік негізінде жаңа газ турбиналары орнатылуда. Қажетті жабдықтар биыл қаңтар айында станса алаңына жеткізілді.
Кездесу қорытындысында қазақстандық тарап еліміздің энергетикалық жобаларына италиялық серіктестерді тартуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл қадам Қазақстанның отын-энергетикалық жүйесінің сенімділігі мен экологиялық тиімділігін арттыруға бағытталған.
Республикалық бюджеттің негізгі кіріс көзі корпоративтік табыс салығы (КТС), қосылған құн салығы (ҚҚС) және пайдалы қазбаларды өндіру салығының төлеу тәртібі мен мерзімі түсіндірілді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







