Танымал спортшы Шавкат Рахмонов пен жұбайы Гүлайым Рахмонова ресми түрде ажырасты деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Бұл туралы әлемжелі арқылы хабарлаған Гүлайым төрт баласы өзімен қалғанын, қазіргі уақытта бесінші сәбиін күтіп жүргенін мәлімдеді. Спортшының өзі бұған қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.
Гүлайым желідегі жазбасында ауыр эмоцияға толы сөздер жазып, Шавкаттың балаларына қатысты әрекетіне ренішін жеткізген:
«Айтпақшы, ажырасқаннан кейін балалар тек анасына керек деген сөз рас екен. Ол бүгін бала-шағасынан бас тартып, «бәрібір аналарына ұқсайды» деп отыр. Кеше ғана қамқор әке болған адам «балаларды енді әкелме» деп айтады деп ешқашан ойламаппын. Иә, төрт балам бар, қазір бесіншісін күтіп жүрмін. Сөйтсем, тым көп бала туған екенмін. Егер балалар әкесіне қажет болмаса, онда балаларға да ол қажет емес. Алла маған балаларымды асырап, жеткізуге күш берсін», – дейді ол.
Бұған дейін…
Отбасылық драмамен қатар, қазір Гүлайым Рахмонованың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесі жалғасуда.
Қайғылы апат 2025 жылдың 27 шілдесінде Алматы – Екатеринбор тасжолының 299-шақырымында болған. Гүлайым басқарған Toyota Land Cruiser 200 автокөлігі аударылып, екі адам қаза тауып, екі адам жарақат алды. Зардап шеккендердің қатарында Гүлайымның өзі мен баласы бар.
Бастапқыда Рахмонова қорғануға құқығы бар куәгер ретінде танылғанымен, кейін іс бойынша оған ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі («Жол жүру ережелерін бұзу салдарынан екі немесе одан көп адамның қаза болуы») бойынша айып тағылды.
Сот қазір сараптамалар мен куәгерлердің берген айғақтарын зерттеп, үкім шығаруға дайындалуда.
Бұған дейін белгілі режиссер Ақан Сатаев ажырасуға қатысты түрлі қауесет әңгімелерге нүкте қойған еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







