Жаз мезгілі келгенде көптеген адамдардың салмақ тастауға деген құлшынысы артады. Өйткені күн ыстықта тәбет төмендеп, керісінше суға деген қажеттілік жоғарылайды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Сонымен қатар дәл осы кезеңде қолжетімді әрі пайдалы жеміс-жидек пен көкөніс түрлері көбейеді, дейді фитнес-жаттықтырушы, салмақ түсіру бойынша маман Қуаныш Ерғабыл. Дегенмен, салмақ тастауды тек белгілі бір мезгілге байланыстырмау қажет. Арықтау үшін арнайы бір маусым таңдау міндетті емес. Барлығы адамның өзінің шешіміне байланысты.
– Артық салмақ жүрек-қан тамырлары ауруларына, қан қысымының жоғарылауына, буын ауруларына және басқа да денсаулық мәселелеріне әкелуі мүмкін. Сондықтан, егер артық салмақтан арылғыңыз келсе, шешімді ұзаққа созбай, бірден іске кірісіңіз. Қай мезгіл екеніне қарамаңыз, – дейді маман.
Десе де, жаз мезгілінің салмақ тастау үшін өз артықшылықтары бар. Біріншіден, ыстық күндері адам ауыр және майлы тамақ жеуден тартынады. Екіншіден, жазда балғын әрі дәруменге бай жеміс-жидектер мен көкөністер арзан әрі молынан табылады. Үшіншіден, бұл уақытта суды көп ішу оңайға соғады. Су ағзаның қалыпты жұмыс істеуі мен арықтау үшін өте маңызды. Сонымен қатар, жазғы уақытта ашық аспан астында жаттығулар жасауға мүмкіндік мол. Бұл өз кезегінде адамның денсаулығына оң әсер етеді.
Әрине, қыс мезгілінде де спортпен айналысуға болады. Мысалы, шаңғы тебу немесе конькимен сырғанау да денені шынықтыруға септігін тигізеді.
Милославскийдің айтуынша, диетаны бастамас бұрын міндетті түрде эндокринолог немесе басқа дәрігер мамандардың кеңесін алған жөн. Денсаулыққа зиян келтірмей, салмақты дұрыс және тиімді түсіру үшін дәрігерлердің ұсынымдарына құлақ асқан дұрыс.
Ал өт қабының бүкіл ас қорыту жүйесінің жұмысын реттеуде атқаратын өз міндеті бар. Оның негізгі қызметі бауырдан келетін өт сұйықтығын жинап, оны он екі елі ішекке қажет кезде ғана шығарып отыру.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







