2 сәуір, бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде көктемгі ауа райы сақталады. Оңтүстікте күн жылып, кей өңірде ауа температурасы 30 градустан асады, ал батыс пен солтүстікте жел, тұман және жауын-шашын күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің оңтүстігінде күн айтарлықтай жылы болады. Шымкентте күндіз +28…+30 градус, Түркістанда +30…+32 градус, Қызылордада +29…+31 градусқа дейін көтеріледі. Таразда +25…+27 градус, Алматы мен Қонаевта +25…+27 градус шамасында болады. Бұл өңірлерде жауын-шашын күтілмейді.
Елордада да күн ашық болады. Астанада түнде +0…+2 градус, күндіз +18…+20 градус жылы болады. Қарағандыда күндіз +20…+22, Жезқазғанда +25…+27 градусқа дейін жылынады.
Батыс өңірлерде ауа райы тұрақсыздау болады. Оралда түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тіпті бұршақ пен шквал күтіледі. Жел екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Атырауда жауын-шашынсыз болғанымен, кей уақытта тұман түседі. Ақтауда да тұман күтіледі, күндіз ауа +15…+17 градус болады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр мен найзағай болжанған.
Солтүстік аймақтарда түнгі салқын сақталады. Қостанайда, Көкшетауда, Петропавлда түнде және таңертең тұман болады. Петропавлда көктайғақ күтіледі. Түнгі температура кей жерде 0…-2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз бұл өңірлерде +14…+19 градус аралығында болады.
Павлодар, Семей және Өскеменде жауын-шашын күтілмейді. Дегенмен таңертең тұман болуы мүмкін. Өскеменде түнде +1…-3 градусқа дейін салқындап, күндіз +8…+10 градус қана болады. Бұл – ірі қалалар арасындағы ең салқын ауа райының бірі.
Жалпы, 2 сәуірде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жайлы әрі жылы күн күтіледі. Ал батыс пен солтүстік өңірлердің тұрғындары жауын-шашын, жел, тұман және көктайғаққа байланысты сақ болғаны жөн.
Айтқандай танымал журналист Ербол Мәндібек Қайрат Нұртасқа биылдан қалдырмай Халық әртісі атағын беру керектігін айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







