Қазақстанда теңгенің нығаюына байланысты тұрмыстық техника бағасы төмендеуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазіргі уақытта доллар бағамы 470 теңге шамасына дейін төмендеп, екі жыл бұрынғы көрсеткішке оралды. Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валюта бағамының нығаюы шетелден келетін импорттық тауарлардың арзандауына жол ашуы ықтимал.
Экономист Арман Байғанов қазіргі валюта нарығындағы жағдай шетелден тауар тасымалдайтын кәсіпкерлер үшін өте тиімді екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір импорттық техниканы мол көлемде әкелуге қолайлы уақыт туындап отыр. Мұның нәтижесін алдағы бір ай шамасында сауда орындарындағы баға белгілерінен байқауға болады.
Дегенмен, экономист тұрмыстық техника мен көлік бағасы айтарлықтай арзандамайтынын, тек бірнеше пайыз төмендеуі мүмкін екенін ескертті. «Бағаның күрт төмендеуін күтуге негіз жоқ. Импорттық тауарлар 10-20 пайыз емес, бірер пайызға ғана арзандауы ықтимал», – деді ол.
Соңғы кездері теңге бағамының нығаюына Таяу Шығыстағы геосаяси жағдайдың шиеленісуі себеп болған. Әсіресе, Ормуз бұғазындағы шиеленіс әлемдік нарықтағы мұнай бағасын көтеріп, қазақстандық валютаның тұрақты позициясын нығайтты.
Сонымен қатар, теңге бағамының тұрақтылығына ел ішіндегі факторлар да оң әсер еткен. Мәселен, Қазақстанның салық саясатын қайта қарап, ішкі қаржы ағындарын бюджетті нығайтуға бағыттауы ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр.
Дегенмен сарапшылар мұндай жағдайдың ұзаққа созылмауы мүмкін екенін де ескертеді. Егер Таяу Шығыстағы геосаяси жағдай реттеліп, мұнай бағасы төмендей бастаса, доллар бағамының қайта көтерілуі әбден ықтимал. Әзірге нақты болжам жасауға ерте. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап, валюта нарығындағы өзгерістерді тұрақты түрде талдап отыруды ұсынады.
2026 жылдың мамыр айы қазақстандықтар үшін нағыз мерекелі әрі демалысқа бай айлардың бірі болмақ. Мемлекеттік мерекелер мен Құрбан айт мейрамына орай бірнеше қосымша демалыс күндері қарастырылған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







