Waymo Google-дың сатып алған бренді емес, өз ішінде өсірген жобасы. Компанияның өзі Waymo-ны бұрынғы Google self-driving car project, яғни Google-дың өзін-өзі жүргізетін көлік жобасының жалғасы ретінде сипаттайды. Бұл бағыт 2010 жылы Google ресми түрде таныстырған автономды көлік бастамасынан бастау алып, кейін жеке бизнеске айналды, деп жазады Ertenmedia.kz.
2016 жылы жоба Alphabet құрылымындағы бөлек компания болып бөлініп, Waymo атауын алды. Компанияның ресми түсіндіруінше, бұл атау «mobility саласындағы жаңа жол» деген мағына береді. Яғни Waymo кездейсоқ қойылған бренд емес, Google-дың көлік болашағына арналған ұзақмерзімді стратегиясының атауы.
Содан бері Waymo жай тәжірибелік зертхана күйінде қалған жоқ. Қазір ол АҚШ-тағы автономды такси нарығының ең ірі ойыншыларының біріне айналды. Компанияның өз мәліметіне қарағанда, 2025 жылдың өзінде 15 миллион сапар орындаған.
Ал 2026 жылы аптасына 400 мыңнан астам сапарды АҚШ-тың алты ірі қаласында жүзеге асырып отыр. Бұған қоса Waymo 2026 жылы тағы 20-дан астам қалаға, соның ішінде Токио мен Лондонға бағыт алатынын жариялады.
Нарықтағы салмағы да қатты өсті. Reuters дерегіне сәйкес, Waymo 2026 жылғы ақпанда 16 миллиард доллар көлемінде инвестиция тартып, компания бағалануы 126 миллиард долларға жетті. Бұл автономды көлік технологиясының енді тек болашақ туралы әңгіме емес, нақты үлкен бизнеске айналғанын көрсетеді.
Қысқасы, Waymo-ның тарихы Google-дың сырттан бренд жинауынан бөлек бір модельді көрсетеді. Бұл – іште туған идеяны жылдар бойы сынап, жеке компания деңгейіне дейін өсіру жолы. Бүгінде Waymo Alphabet үшін жай технологиялық тәжірибе емес, жаһандық көлік нарығындағы ең маңызды ставкалардың біріне айналды.
Android-тің басты артықшылығы бір ғана құрылғыға байланбауында болды. Google жүйені пайдалануға дайын кез келген өндірушіге ашық ұсынды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







