19 сәуірде Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, құбылмалы ауа райы күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Елдің солтүстігі мен орталығында күн ашық болады. Петропавлда күндіз +13…+15, түнде +1…+3 градус болады. Қостанайда күндіз +17…+19, түнде +2…+4 градус күтіледі. Көкшетауда ауа температурасы күндіз +15…+17, түнде +1…+3 градусқа жетеді. Павлодарда +15…+17 градус жылы болса, түнде 0…+2 градус болады. Қарағандыда күндіз +12…+14, түнде -4…-6 градус шамасында сақталады. Жезқазғанда күндіз +15…+17, түнде 0…+2 градус болады.
Шығыс Қазақстанда да жауын-шашын болжанбайды. Өскеменде күндіз +10…+12, түнде -5…-7 градус болады. Семейде күндіз +11…+13, түнде -6…-8 градусқа дейін төмендейді.
Батыс аймақтарда ауа райы құбылмалырақ болады. Оралда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Ауа температурасы күндіз +17…+19, түнде +7…+9 градус болады. Атырауда да жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Күндіз +18…+20, түнде +8…+10 градус болады.
жауын-шашын жоқ, күндіз +17…+19, түнде +2…+4 градус. Ақтауда күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел де күшейеді. Температура күндіз +18…+20, түнде +10…+12 градус болады.
Оңтүстікте де күн негізінен жылы болады. Таразда кей уақыттарда жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Күндіз +18…+20, түнде +8…+10 градус күтіледі. Шымкентте жауын-шашынсыз, күндіз +19…+21, түнде +6…+8 градус болады. Түркістанда күндіз +20…+22, түнде +8…+10 градус. Қызылордада да күн ашық, ауа температурасы күндіз +20…+22, түнде +4…+6 градусқа жетеді.
Жетісу мен Алматы өңірінде ауа райы әркелкі болады. Қонаевта күндіз +15…+17, түнде +5…+7 градус күтіледі. Талдықорғанда жауын жоқ, бірақ түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Күндіз +15…+17, түнде +1…+3 градус болады. Алматыда күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал, жел де күшейеді. Температура күндіз +13…+15, түнде +5…+7 градус болады.
Елордада 19 сәуірде жауын-шашынсыз күн райы сақталады. Астанада күндіз +15…+17, түнде -1…+1 градус күтіледі.
Қазақ киносының аңыз туындысы «Қыз Жібек» фильміндегі сахналық киім төңірегіндегі дау қайта өршіді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







