Соңғы жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО) цифрландыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл шаралар орталықты туризм, сауда және инвестиция саласында жоғары деңгейде қызмет көрсететін заманауи алаңға айналдырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қорғас» ШЫХО басқарма төрағасының орынбасары Сейілбек Садырбектің айтуынша, орталықтағы өткізу бекеттері толық автоматтандырылып, Face ID жүйесі енгізілген.
– Басты ғимарат күрделі жөндеуден өтті. Орталыққа кіру, билет алу және тауарды алу процестері толығымен цифрланды. Онлайн билет сатып алу үшін QR-код енгізілді. Соның нәтижесінде орталықтың өткізу мүмкіндігі айтарлықтай артты. Бұрын күніне 4-5 мың адам қабылдасақ, қазір бұл көрсеткіш 9 мыңға дейін жетті. Мысалы, 2024 жылмен салыстырғанда былтыр туристер саны 16 пайызға өсті. Биыл одан да көп адам келеді деп отырмыз, – дейді ол.
Орталықтағы цифрлық жаңалықтардың қатарында екінші багаж терминалы мен «Қазпошта» арқылы тауар тасымалдау сервисі іске қосылды. Бұған дейін жүк тасымалына 4-5 сағат кетсе, қазір тауар жеткізу уақыты 1-1,5 сағатқа дейін қысқарған.
Цифрландыру нәтижесінде «Қорғасқа» келушілер саны 2023 жылғы 966,9 мыңнан, 2025 жылы 1,8 миллионға дейін артқан.
Осылайша, «Қорғас» ШЫХО инфрақұрылымды жетілдіріп, цифрлық қызметтерді енгізу арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық пен туризмнің дамуына елеулі ықпал етуде.
Қазақстанда тіс емдету мен оны қалпына келтіру қызметі биыл едәуір қымбаттады. Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметке сүйенсек, 2026 жылдың алғашқы үш айында протездеу құны 13 пайызға, ал имплантация 10 пайызға артқан.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







