15-16 мамыр күндері Ақтауда тұңғыш рет республикалық деңгейдегі «Кітап керуен – Ақтау» кітап жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Шараны Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Стратегиялық зерттеулер орталығы GUMOL» мекемесі ұйымдастырады. Екі күн бойы кітапсүйер қауым Маңғыстау облыстық Қабиболла Сыдиықұлы атындағы әмбебап кітапханасында бас қосады.
Жәрмеңкеге еліміздің танымал баспалары қатысып, ең таңдаулы кітаптарын ұсынады. Қатысушылар қатарында Qasym kitap, Steppe&World, «Абай», «Арман-ПВ», ZIYAT, SANA, MAZMUNDAMA, Marfu, «Отбасы Хрестоматиясы» және WIK HOUSE сияқты беделді баспалар бар.
Сондай-ақ жәрмеңке аясында танымал ақын-жазушылармен, қоғам қайраткерлерімен кездесу ұйымдастырылады.
Олардың ішінде белгілі жазушылар Роза Мұқанова, Оңайгүл Тұржан, Светқали Нұржан, Зира Наурызбай, Бақытгүл Сармекова секілді қаламгерлер қатысып, оқырмандармен жүздеседі.
Келушілер авторлардың қолтаңбасын алып, естелік суретке түсе алады. Бұдан бөлек, жәрмеңкеде жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері, түрлі тақырыпта өтетін секциялық отырыстар мен оқырмандарға арналған қызықты ойындар ұйымдастырылады.
Ақтау тұрғындарын, қала қонақтарын және барша кітапсүйер қауымды 15-16 мамыр күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін өтетін «Кітап керуен – Ақтау» республикалық кітап жәрмеңкесіне шақырамыз!
Айтқандай, ForteBank шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағдарламаларын іске қосты. Банк бизнеске кредит беруді кеңейтуді көздеп отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







