Әлихан Смайылов басқаратын аудиторлық палата (ЖАП) 2025 жылғы республикалық бюджеттің орындалуын сүзгіден өткізді хабарлайды Ertenmedia.kz.
ЖАП өкілдерінің айтуынша, 2025 жылы бюджет түзетусіз орындалуға тиіс болғанымен, Бектенов бастаған министрлер кабинеті оны сегіз рет түзеткен.
Аудиторлардың пайымдауынша, түзетулер бастапқы бюджеттік жоспардың тиімсіздігінен туындаған мәселелерді жасырған. Кейбір бағдарламалар бойынша бастапқы қаражат көлемінің 90%-ы қысқарған.
Жоспарланған бюджет түсімі 335,3 млрд теңгеге орындалмай қалған. Тиімсіз жұмсалған қаражат көлемі 648,7 млрд теңгені немесе жалпы шығынның 2,5%-ын құраған.
Жұманғарин? Аудиторлар мұны салық түсімі мол болады оптимистік болжамның орындалмауымен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, 2025 жылы 900 млрд теңге сомасында ҚҚС қайтарымы тоқтатылған.
«Салықтық бақылау сапасы төмендеп, 2025 жылы салықтық есептеулерге байланысты сот шағымдары екі есеге өсті. Соңғы төрт жылда соттар шағымның жартысынан көбін салық төлеушілердің пайдасына шешкен», – деп атап өтті ЖАП мүшесі Юлия Энгель.
ЖАП өкілдері шығын жинақталған міндеттемелер мен ағымдағы тұтынуға көбірек бағытталып, даму бюджеті қысқарғанын айтты.
2024 жылы 8,1%-ды құраған даму бюджеті 2025 жылы 6,4%-ға дейін төмендеген. Жыл ішінде 2,4 трлн теңге қайта бөлініп, 75 млрд теңгеге 99 бюджеттік инвестициялық жоба алынып тасталған. Жоспарланған 683 жобаның 141-і аяқталмаған.
Сондай-ақ, бюджет Ұлттық қордың қаражатына тәуелді болып отыр. 2025 жылы Ұлттық қордан трансферттер көлемі 5,3 трлн теңгені құраған. Бұл қаражаттың ішінде стратегиялық маңызы жоқ 107 жоба 41,4 млрд теңгеге қаржыландырылған.
«Жоспарлаудың сапасыздығынан жобалардың 14%-ы іске аспай қалды. Кейбір жобалардың құны да негізсіз белгіленген», – деп түсіндірді Энгель. ЖАП мәліметінше, ұлттық жобалар да бастапқы стратегиялық мәнін жоғалтқан. 2025 жылы ұлттық жобаларды қаржыландыру жоспардан 38%-ға орындалмай қалған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







