«Тұрсынбектің көлеңкесінде қалып қойған» Мөлдір Мұқанның өнері желі қолданушыларын тәнті етті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Әнші Жазира Байырбекова мен Жанболат Ербатыровтың шаңырағында қонақта болған Мөлдір Мұқан ерекше өнерімен көпшілікті таңғалдырды.
Белгілі жұптың үйіне арнайы «келін шайға» барған әнші сол кеште фортепиано мен гитараның құлағында ойнап, жиналғандардың көңілінен шықты. Әсіресе Жазира Байырбекованың қазақтың танымал әндерін Мөлдірдің сүйемелдеуімен шырқаған сәті көпшіліктің ықыласына бөленді.
«Бүгінгі концертмейстерім – Мөлдір Мұқан. Оның осындай бесаспап екенін білетін бе едіңіздер?» – деп жазды Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде.
Желі қолданушылары бұл бейнежазбаға бірден жылы лебіздерін білдіріп, пікірлерін жарыса жазып жатыр. «Мөлдір мықты музыкант екен», «Қандай жан-жақты, пысық, талантты келіншек», «Өнерің өрлей берсін», «Мөлдірдің бойы тұнған талант қой», – деп мақтау сөздерін аямады.
Кей оқырмандар әншінің бұған дейін осындай ерекше өнерін жасырып келгеніне өкініш білдірді. «Тұрсынбекпен айырылмағанда, осы шығармашылық қыры ашылмай қалар ма еді?», «Осындай талантын тұншықтырып не болды екен?», «Талантты Тұрсынбектің көлеңкесінде қалып қойыпты», – деген пікірлер көп жазылды.
Мөлдірдің бұл кештегі өнері оның тек әнші ретінде ғана емес, музыкалық аспаптарды да еркін меңгерген, жан-жақты өнер иесі екенін көрсетті. Әлеуметтік желідегі оқырмандардың жылы пікірлерінен Мөлдір Мұқанның бұл қыры көпшілікке бұрын беймәлім болғанын аңғаруға болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







