Алматыда жалған дипломын жыртып, онысын TikTok желісіне жариялаған колледж түлегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Полиция TikTok платформасына жүргізілген мониторинг кезінде қоғамда қызу талқыланған роликті анықтаған. Видеода жекеменшік колледж түлектерінің бірі диплом табыстау рәсімінен кейін көпшілік алдында диплом мұқабасына ұқсас затты жыртып тастайды.
Тексеру барысында түпнұсқа диплом, оған қоса берілген қосымша және оқу орны тапсырған ресми мұқаба бүлінбегені белгілі болды. Ролик түсіру үшін алдын ала дайындалған мұқаба көшірмесі пайдаланылған.
Бейнежазба интернетте кең таралып, түрлі пікір туғызған. Тексеру қорытындысы бойынша автор Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігімен жауапкершілікке тартылды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







