Швейцарияның сауда тізілімінен Әлия Назарбаева директорлар кеңесіне кірген Kerfuffle AG компаниясы шығарылды. Осылайша Назарбаев дәуіріндегі шетелдік бизнес желілерінің бір тармағы үнсіз тарих сахнасынан кетті, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Ресми дерекке сәйкес, компанияны тарату туралы шешім 2024 жылғы 26 қарашада қабылданып, рәсім 2026 жылғы маусымда толық аяқталған. Әлия Назарбаева оның директорлар кеңесінде 2016 жылдан бері болған-ды. Ашық реестрде компанияның нақты меншік иесі мен таратуды кім бастағаны көрсетілмейді.
Kerfuffle AG Цюрих көлінің жағасында дәулетті клиенттерге арналған 350 млн франктік медициналық кешен салмақ болған. «Швейцариялық қамалда» люкс палаталар, операциялық бөлім және тікұшақ алаңы болуы керек еді. Жоба қағаздағы күйінен әрі аса алмай, қаржылық дау мен қарызға батты.
Швейцариядағы бір фирманың жабылуынан ескі элитаның сыртқы инфрақұрылымы біртіндеп сөніп бара жатқанын байқауға болады.
Ең маңызды сұрақ компанияның неге жабылғанында ғана емес. Оның капиталы қайдан қалыптасты, жобаға қанша қаражат жұмсалды, шығынды кім көтерді және активтер қайда қалды деген сауалдар басы ашық күйінде қалды. Ликвидация заңды тұлғаны реестрден өшіреді, бірақ қоғамның жадындағы сұрақтарды өшірмесі анық. Сіз қалай олайсыз?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







