8 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі ыстық ауа райы сақталады, ал батыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. «Қазгидромет» ұсынған болжам бойынша күндіз ауа температурасы Қызылорда, Тараз және Түркістанда 35 градусқа дейін көтеріледі, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады, түнде 12-14, күндіз 28-30 градус жылы. Алматыда жауын жаумайды, жел 3-8 м/с, түнде 14-16, күндіз 29-31 градус. Шымкентте көшпелі бұлтты әрі құрғақ ауа райы күтіледі, жел 8-13 м/с, түнде 18-20, күндіз 32-34 градус ыстық болады.
Ақтауда күн бұлттанып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды, жел 7-12 м/с, түнде 15-17, күндіз 21-23 градус. Ақтөбеде жаңбыр мен найзағай күтіледі, жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, түнде 15-17, күндіз 20-22 градус. Атырауда да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-18 м/с-қа дейін күшейеді, түнде 13-15, күндіз 21-23 градус жылы болады.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с, екпіні 15 м/с, түнде 13-15, күндіз 31-33 градус. Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды, жел 9-14 м/с, түнде 10-12, күндіз 26-28 градус. Көкшетауда күн ашық әрі құрғақ болады, желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді, түнде 14-16, күндіз 28-30 градус күтіледі.
Күн ашық болады
Қонаевта жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, түнде 12-14, күндіз 30-32 градус ыстық болады. Қостанайда жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде 15-17, күндіз 30-32 градус. Қызылордада күн ашық әрі құрғақ болады, жел 9-14 м/с, түнде 14-16, күндіз 33-35 градус ыстық күтіледі.
Павлодарда жауын жаумайды, жел 9-14 м/с, түнде 9-11, күндіз 28-30 градус жылы болады. Петропавлда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, түнде 9-11, күндіз 29-31 градус. Семейде көшпелі бұлтты әрі жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады, жел 5-10 м/с, түнде 8-10, күндіз 26-28 градус болады.
Талдықорғанда жауын жаумайды, жел 5-10 м/с, түнде 6-8, күндіз 29-31 градус жылы. Таразда құрғақ ауа райы сақталады, жел 9-14 м/с, түнде 14-16, күндіз 33-35 градус ыстық болады. Түркістанда да жауын-шашын күтілмейді, жел 8-13 м/с, түнде 18-20, күндіз 33-35 градусқа дейін ысиды.
Оралда күн бұлттанып, жаңбыр жауады және найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қалада түнде ауа температурасы 12-14, күндіз 17-19 градус шамасында болады. Өскеменде жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с, түнде 8-10, күндіз 27-29 градус жылы күтіледі.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







