Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жеті жыл ішінде Қазақстан ауқымды цифрлық трансформациядан өтіп, технологиялық дамудың жаңа кезеңіне шықты. 2019–2026 жылдардағы негізгі көрсеткіштер, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Негізгі цифрлық көрсеткіштер
Электрондық үкімет: Қазақстан БҰҰ-ның 193 ел арасындағы көрсеткішінде 39-орыннан 24-орынға көтеріліп, 15 сатыға ілгеріледі.
Ғарыштық технологиялар экспорты: нөлден 70 млн долларға дейін өсті.
IT-экспорт: 38 есеге артып, 30 млн доллардан 1,142 млрд долларға жетті. Astana Hub көрсеткіші 633 млн долларды құрады.
Интернет: халықты интернетпен қамту деңгейі 84%-дан 98%-ға дейін өсті, орташа жылдамдық 21-ден 88–94 Мбит/с-қа жетті. Бесінші буын байланысы, 5G енгізілуде.
Цифрлық мемлекеттік қызметтер: цифрландырылған қызметтердің үлесі 80%-дан 91%-ға дейін өсті. Цифрлық мемлекеттік қызметтердің 96%-ы смартфон арқылы қолжетімді.
Қолма-қол ақшасыз экономика: қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі 14 есеге артып, 13,3 трлн теңгеден 186,3 трлн теңгеге дейін өсті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







