Шавкат Мирзиёев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевқа көңіл айтты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Өзбекстан президенті Қазақстан президентіне, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ Қазақстан халқына қайғырып көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Халықаралық ынтымақтастық
Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтқаны үшін ризашылығын білдіріп, халықаралық қолдау мен ынтымақтастықтың ерекше маңызын атап өтті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







