Тұрғындар нысандардың қауіпсіздігі, жергілікті қоғамдастықтың жұмысы, қараусыз қалған ғимараттарды пайдалану, инженерлік коммуникацияларға қосылу және басқа да мәселелер бойынша жүгінді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қала және ауыл түйткілдері
Атап айтқанда, Павлодардағы «Центральный» ГТК аумағына көліктердің кіріп-шығуына қатысты жағдай қаралды. Кооператив иелерімен кездесу ұйымдастырып, орын алған бұзушылықтарды жою мәселесін пысықтау тапсырылды.
Қаратерек ауылының тұрғыны дене шынықтыру-спорт кешенін мамандармен қамту мәселесін көтерді. Пилоттық жоба аясында екі колледжде дуальды оқыту енгізілді. Облыс әкімі спорт инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушылар даярлау бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың жұмысы және Қаратерек ауылындағы қараусыз қалған екі ғимаратты пайдалану мәселелері қаралды. Май ауданының әкімдігіне нысандардың жай-күйін зерделеу тапсырылды.
Көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынды.
Қабылдауға жазылу тәртібі
Жеке қабылдауға eGov.kz, E-otinish.kz немесе әкімдіктің WhatsApp +7 702 166 16 61 нөмірі арқылы жазылуға болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







