Мақаншы ауданының прокуратурасы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету кезінде заңнама талаптарының сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тексеру барысында тұрғындарды қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етуге қауіп төндіретін бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Ауылдардағы сүзу жүйелерінің олқылығы
Атап айтқанда, Бұғыбай, Қызылбұлақ және Қызылжұлдыз ауылдарындағы блок-модульдік станцияларда су сүзу жүйелерінің жоқтығы анықталды. Сонымен қатар аталған нысандарда санитариялық-қорғау аймақтары белгіленбеген және қажетті санитариялық қорытындылар алынбаған.
Сондай-ақ Бекет және Қабанбай ауылдарында бюджет қаражаты есебінен салынған, жалпы құны 2 млрд теңгеден асатын сумен жабдықтау желілері құрылыс аяқталғаннан кейін коммуналдық кәсіпорынның балансына берілмегені анықталды. Соның салдарынан аталған нысандар іс жүзінде тиісті қызмет көрсетусіз қалған.
Анықталған бұзушылықтар халыққа белгіленген санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін ауыз судың берілуіне әкеп соғуы мүмкін еді.
Әкімдікке ұсыныс енгізілді
Тексеру нәтижелері бойынша аудан прокуратурасы анықталған бұзушылықтарды жою және сумен жабдықтау нысандарын тиісінше күтіп-ұстауды қамтамасыз ету туралы аудан әкімдігіне ұсыныс енгізді.
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылдауда.
Аудан прокуратурасы олардың іс жүзінде жойылуына бақылау жүргізуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







