Бүгінгі жастар тойды өзгеше өткізгісі келеді, бірақ дәстүрден алыстағысы келмейді. Шақыру қағазы да солай: үлкендер үшін ол әлі де тойдың басты белгісі, ал жастардың туыстары мен достары Алматы, Астана, Шымкент, тіпті шетел арасында тарап жүр. Қағазды үйме-үй таратып шығу қиын, ал WhatsApp-қа жіберілген сурет-шақыру не сұрақ қоймайды, не жауап жинамайды.
waw.kz («уау» деп оқылады) осы олқылықты толтыруға тырысады. Той иесі бес минутта шақыру бетін жасайды: аты-жөндерін, күнін, той залының мекенжайын жазады, фото жүктейді және 16 теманың бірін таңдайды. Тақырыптардың бір бөлігі қазақ мәдениетінен алынған: киіз үй, сәукеле, шаңырақ, Бурабай, түнгі аспан. Заманауи нұсқалар да бар: кинопремьера, афиша, полароид. Дайын сілтеме қонақтарға WhatsApp арқылы жіберіледі.
Қонақ ешқайда тіркелмейді, қосымша орнатпайды. Сілтемені басқанда алдымен жабық киіз есік көрінеді (басқа темада конверт, шымылдық не билет), басқанда ол ашылып, әуен ойнайды. Одан әрі тойға дейінгі кері санақ, 2GIS-тегі жол, той бағдарламасы мен киім үлгісі тұрады. Жауап бір батырмамен беріледі: «келемін», «жұбайыммен келемін», «әзірге білмеймін» не «келе алмаймын». Барлық жауап той иесінің кабинетіне жиналады, той залына қажет орын саны сол жерден есептеледі.
Жастарға ұнайтын ерекшеліктің бірі — дауыспен бата. Тойға келе алмаған ағайын немесе алыстағы ата-әже батасын шақыру бетінде өз дауысымен жазып қалдырады, ол жазба отбасы үшін сақталады. Екіншісі — той күнгі альбом: қонақтар түсірген суреттерін шақыруға жүктейді, той біткен соң бет ортақ альбомға айналады. Үшіншісі — 3D той залы: жүктелген фотолардан виртуал зал құрастырылады, қонақ телефонмен ішінде жүріп, қабырғадағы суреттерді ашады.
Сервистің тағы бір бағыты «Сыйлық әлемі» деп аталады. Бұл той емес, жақын адамға сыйлық: анаға, әкеге, сүйген адамға немесе досқа арналған 3D әлем. Ішінде хат пен ортақ суреттер тұрады. Сілтемені ашқан адам суреттерді тауып ашады, ортадағы жарықта өзіне жазылған хатты оқиды. Бағасы 1 990 ₸.
Бағасы ашық: шақыру 3 990 ₸, бір рет төленеді, ай сайынғы жазылым жоқ. 3D зал қосымша 2 000 ₸. Шақыруды жасап, алдын ала көру тегін, ақы тек қонақтарға жіберер алдында Kaspi арқылы алынады. Деректер Қазақстандағы серверлерде сақталады. Сервис толық қазақ тілінде жұмыс істейді, орысша нұсқасы бір басумен ауысады. Сайтта той дәстүрлері туралы ашық білім базасы, сондай-ақ үйлену тойы, қыз ұзату, сүндет той, тұсаукесер мен мерейтойға арналған дайын шақыру мәтіндері бар.
Толығырақ: https://waw.kz · бағалар: https://waw.kz/baga · 16 тема мысалдарымен: https://waw.kz/temalar · анаға арналған сыйлық әлемі: https://waw.kz/anama · білім базасы: https://waw.kz/kb
Байланыс: Мейіржан Әуелханұлы, +7 778 881 33 33, kazprose@gmail.com
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







